Судья аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол жеке тұлғадан сот актісін оның пайдасына шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде пара алу күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді. Тергеу жалғасуда Алматы облысы